Қоғам

Психикасы дұрыс емес: әйеліне пышақ сұққан 46 жастағы ер адамды полицейлер атып тастады (видео)

Нью-Йоркте полицей әйеліне пышақ көтерген 46 жастағы ер адамды атып тастады.

Нью-Йоркте полицей әйеліне пышақ көтерген 46 жастағы өзбекстандықты атып тастады, деп жазады New York Post-қа сілтеме жасаған KYN.KZ тілшісі.

Халықаралық әйелдер мерекесін тойлап отырған отбасының мейрамы қайғылы жағдаймен аяқталған. Әйелдің айқайлаған даусын естіген көршілері полиция шақырған. Полицейдің пышақты таста дегеніне қарамастан ер адам айтқанды қылмаған. Сол үшін полиция оқ жаудыруға тура келген.
Осылайша әйеліне пышақ алып жүгірген Жәмшид Нематов есімді ер адам оқиға орнында қаза тапты. Марқұмның жақындары оның соңғы уақыттары физикалық және психикалық тұрғыда өзгергенін айтып, дәрігер көмегі керек болғанын, бірақ оның емделу үшін ешқандай қадам жасамағанын жеткізді.
Жаралаған 43 жастағы Амира Нематова қазір ауруханада.