3 адамның өлімі: Алматыда автобус жүргізушісіне қол жұмсап, жол апатына себеп болған жігітке қатысты сот басталды
- автор Admin
- 12 наурыз, 2024
- 383
Сұмдық жайыт былтыр желтоқсан айында Райымбек даңғылының бойында болған еді. Қоғамдық көлікті тізгіндеген әйелді жолаушы азамат жұдырықтап, жүгенсіз автобус аялдамада тұрған үш адамды басып өткен. Жүргізушіні соққыға жыққан 33 жастағы жігіт бірден қамауға алынып, бүгін сот алдында жалғыз өзі жауап бере бастады, , деп жазады KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Ал марқұмдардың туыстары автобусты басқарған әйелдің де жәбірленуші ретінде танылуына көңілі толмай отыр. Араға үш айға жуық уақыт салып, дүйім жұрттың жағасын ұстатақан автобус апаты бойынша сот басталды. Осы аралықта тергеу жүргізілген. Оның қорытындысына сәйкес, айыпталушы орындығында жалғыз адам отыр — 33 жастағы Дархан Ахметжанов.
Тергеу абақтысынан сот залына жеткізілген ер адам камерадан бет-жүзін жасырып әуреге түспеді. Бұзақылық жасағанын бірден мойындап, жәбірленуші тараптан кешірім сұрады.
— Кінәңізді №ә№ңңәә№1мойындайсыз ба, ішінара мойындайсыз ба, толық мойындайсыз ба, жоқ мойындамайсыз ба?
— Жоқ, ішінара мойындаймын. 293-бап бойынша өзімнің бұзақылығымды мойындаймын. Жантүршігерлік жол апаты желтоқсан айында Райымбек даңғылының бойында болған еді. №47 бағыттағы қоғамдық көлік жолдың жиегіндегі бір топ адамды қағып өтіп, соның салдарынан үш адам көз жұмды. Тағы төртеуі түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Олардың ішінде жүргізуші әйел де бар. Бүгінгі сотта ол жәбірленуші ретінде танылып, оқиғаның қалай болғанын баяндап берді. Сондай-ақ жылдамдықты асырмағанын айтып отыр.
Ермек Шөкебаева, автобус жүргізушісі:
— Мен айта алмаймын, жылдамдық болды деп, тіпті 20-ға да шықпайды-ау деймін. Менің ойымша, аяғым газды басып кеткен сияқты. Өйткені автобустың жылдам жүріп кеткенін көрдім. Мен ондай жылдамдықпен жүргізген емеспін. Дегенмен жантүршігерлік апаттан қаза болған Айдос Әлменбаевтың жары жүргізушіге қатысты өз уәжін айтты. Үш баласымен жалғыз қалған ана оның жауапқа тартылуын сұрайды.
Айнұр Құсайынова, жәбірленуші:
— Неменесіне 10-мен жүрдім дейсіз? Мен де көлік айдаймын. 10 деген жылдамдық жоқ. Ең аз дегенде, 70 пе, 80 бе, сондай жылдамдықпен барып соғып отырсыз. Аман қалдым деп отырсыз, біздің күйеуіміз ше, ата-анамыз ше, аман қалмады. Бар ғұмырын ұстаздыққа арнаған марқұм Талап Қасымов пен жұбайы Гүлжахан Ырсымбаеваның артында шырылдап төрт баласы қалған. Екеуі кәмелетке толмаған.
Ерасыл Байдуәлиев, марқұмның ұлы:
— Бұл жерде қатысы бар адамдардың барлығы өз жазасын алса екен деймін. Мен жасаймын, менің артымда келе жатқан бес жасар інім бар, екі қарындасым бар. Барлығы әділ жазасын алса екен. Сотта аталмыш іске қатысты төрт жәбірленуші болды. Олар марқұмдардың жақындары мен тағы аяғынан жарақат алған келіншек. Сондай-ақ автобустың жүргізушісі.
Айта кетейік, бұл оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодектің екі бірдей бабымен іс қозғалған. Күдікті cегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда оқушы қызды зорлаған 48 жастағы ер адам сотталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024