Есінеген адамды көргендер не себепті қосыла есінейтіні белгілі болды
Есінеген адамның фотосын көрген адам бірден оны қайталайды екен.
Кісінің есінегенін көргендер дереу соны қайталайды екен. Мұның соншалықты көзбен көру арқылы тез тарайтыны есінеген адамның суретін көргенде, естігенде -ақ келесіі адам бірден есінеп шығады екен. Осы материалды оқыған сәтте сізде есінеп алдыңыз ба? Олай болса мұның сыры неде екенін біліңіз.
Есінеу – ағзаны оттегімен қамтамасыз етуге бағытталған рефлекторлық реакция. Яғни, дене есінеудің көмегімен қандағы оттегінің мөлшерін арттырып, көмірқышқыл газын шығаруға тырысады.
Ғалымдар көптеген тәжірибе жүргізудің нәтижесінде есінеу мида қолайлы температура қалыптастыруға қажет екенін анықтаған. Мысалы, адамдар жылы үйде немесе ғимаратта, шаршағанда әлде ұйқысы келгенде жиі есінейді. Адам есінегенде ауыз қуысынан ауа өтіп, қанды салқындатады. Себебі ми салқын температураны ұнады екен.
Бір қызығы, адамдардың 70%-ы есінеп жатқандарды көріп, бірден қайталайды екен. Ғалымдар біреу есінегенін көріп еріксіз есінеу – эмпатия деңгейімен байланыстырады. Яғни, адамдар арасындағы жайлылық пен жақындықты орнату, басқа адамның жағдайын түсіне білу.
Есінеудің тез «жұғатыны» соншалықты, есінеген адамның суретін немесе есінеу туралы мақала оқып отырған жан да еріксіз есіней бастайды.