2-қабаттан секірген: Семейде шатыр зауытында адам шошырлық оқиға болды (фото)
- автор Admin
- 12 наурыз, 2024
- 2.3k
Қызметкерлердің айтуынша, жұмыс ауысымынан кейін сағат 17.05-те жұмысшылар жуынатын бөлме үшін киім ауыстыратын бөлмеге барады, - деп хабарлайды Massaget.kz порталына сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.
Осы кезде құбырларды байланыстыратын ыстық судың қысымымен байланыстырушы құбырдың адаптері үзілген. Салдарынан жуынатын бөлмеге қайнаған су құйылған.
Ал қызметкерлер күйіп қаламыз ба деп қорқып, терезенің әйнегін сындырып, 2-қабаттан секірген. Оқиға салдарынан оларда дене жарақаттары мен аяқ-қол сынықтары пайда болған.
Зауыт басшылығы бұл жағдайға байланысты көмектесуден бас тартқан.
Қазір Абай облысының бақылау басқармасы ҚР Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес топтық жазатайым оқиғаны арнайы тергеу жөніндегі комиссия тағайындаған.
"Арнайы тергеу жүргізіледі. Кәсіпорын оқиға туралы хабарлама берді, комиссия шақырамыз", - деді Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Тоқтарбек Түсіпбаев.
Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды
Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысының әкімі БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026
Алматыда қаланың Бас жоспарына қатысты экологиялық тыңдаулар өтеді
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026




