Астанада Нүкенованың өліміне қатысты сот өтіп жатыр
Астанада Қуандық Бишімбаевқа қатысты атышулы іс бойынша алдын ала сот отырысы өтіп жатыр.
Астана сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс бойынша екінші алдын ала сот тыңдауы сағат 17:00 де басталды. Бұл туралы KYN.KZ хабарлады.
Бұл жолғы сотта тағы да шу шықты. Сот залына БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділерін кіргізбеді. Тек төрт видеооператорға кіруге рұқсат етілген. Бүгін жәбірленуші тарапқа сөз берілді.
Айта кетейік, 11 наурызда Астана сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты атышулы іс бойынша алдын ала тыңдауы бірінші күні өтті.
Айта кетейік, экс-министрге Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі, 5-тармақ (кісі өлтіру, басқа адамға қасақана қасақана өлім жасау, ерекше қатыгездікпен), сондай-ақ 110-бабы 2-бөлігі, 1-тармағы (жүйелі түрде ұрып-соғу жолымен немесе өзге де зорлық-зомбылықпен физикалық және психикалық азап шектіру) бойынша айып тағылған.