Қазақстаннан Париж Олимпиадасына баратын боксшыларымыздың саны артты
Әйелдерден Карина Ибрагимова Париж Олимпиадасына жолдама алды
Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасына іріктеу турнирі аяқталды. Бұл туралы kyn.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жарыс қорытындысы бойынша біздің бес боксшымыз лицензияға қол жеткізді. Бұған дейін өткен жазғы Азия ойындарында Қазақстан командасы өкілдері екі квота еншілеген еді.
Қазақстан ерлер командасы мүмкін болған жеті жолдаманың алтауына қол жеткізіп отыр.
Жолдама иеленгендер:
- Сәкен Бибосынов (51 келі);
- Махмұд Сабырхан (57 келі);
- Асланбек Шымбергенов (71 келі);
- Нұрбек Оралбай (80 келі);
- Айбек Оралбай (92 келі);
- Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі);
Әйелдер:
- Карина Ибрагимова (57 келі).