Бас прокуратура Бишімбаев ісі бойынша жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылатынын ескертті
Бұған дейін марқұм Нүкенованың туыстары "Бишімбаев жазаны жеңілдету мақсатында кей журналистер мен блогерлер арқылы өзін ақтайтын материалдар жаздыруда" деген еді.
Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа тағылған айып бойынша қоғам назарын жалған ақпараттарға қарату және соттың істі қарауына әсер ету жұмыстары жүріп жатқаны жайлы бейресми ақпараттар осыған дейін көп айтылды. енді Бас прокуратура соттың істі қарауына ықпал еткісі келіп, жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі.