55 жастағы шымкенттік Ұлдана Есенова құрсағындағы 12 айлық баланы босана алмай жүргенін айтты
Есенова: 9 айымда тоғақ қысып, туа алмадым. Дәрігерлер кесер тілігін жасамай қойды.
Шымкент қаласының 55 жастағы тұрғыны құрсағындағы баланы босана алмай жүргеніне 3 ай уақыт өткенін айтып, журналистерден көмек сұрады. Сөзінше дәрігерлер оған көмек бермей қойған. Әйел ішіндегі 9 айлық кезде толғақ қысқанын айтады. Бірақ дәрігерлер өзі босана алмаған әйелге кесір тілігін жасамай қойыпты, деп жазды KYN.KZ тілшісі "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасап.
"Ата-бабамыз УЗИ жоқ кезде де босанды. Дәрігерлер маған "ертегі айтып тұрсыз" деді. Өйткені УЗИ аппараты баламды көрсетпейді. Сол себепті дәрігерлер кесір тілігін жасамайтындарын айтты. Мен тамақ жесем олда жейді. Қазір 12 ай болды. Ішімді тырнап, бала өсіп кетті. Сол себепті журналистер араласып, ішімдегі баламды қолыма алып беруді сұраймын. Менің денсаулығым, психикам бәрі дұрыс",- дейді 55 жастағы әйел.
Студия қонақтары Есенованың ақрапатына қайран қалып, оны психикалық сараптамадан өткізу керек екенін айтты.