Мәдениет

Павлодарға Наурызды тойлау үшін Қайрат пен Рымбаеваны шақыру қанша теңге болғаны айтылды

Қайрат Нұртас пен Роза Рымбаева мерекеде павлодарлықтар алдында ән салады.

Павлодарлықтардың Наурыз тойында көңілі көтеріліп, мерекені жақсы атап өтуі үшін қалалаық әкімдік Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртасты алдырып жатыр екен. Бұл туралы баспасөз отырысында Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева айтқан. Қос жұлдыздың Павлодар алаңында ән шырқауына 10 млн теңгеге жуық бюджет қаржысы жұмсалмақшы,деп жазды KYN.KZ  тілшісмі.

мерекелік концерт 22 наурызда Орталық алаңда өтеді. "Ақшаның негізгі бөлігі, әрине, біздің жұлдыздарға кетті. Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртастың қымбат екенін түсінеміз. Олардың жалпы гонорары шамамен 10 млн теңгені құрайды", - деді

Светлана Гладышева мерекелік бағдарламаға қатысты қаланың жалпы шығыны туралы сұраққа жауап берген. Павлодарлықтар Наурыз мерекесін 21-22 наурыз күндері тойлайды. 21 наурыз күні мереке сағат 11:00-13:00 аралығында, 14 шағынауданда мерекелік іс-шаралар өткізіліп, көрмелік киіз үйлер орнатылады.