Қызылордада 21 жылға сотталған азамат түрмеде үйленді
Азамат дін өкілін шақырып, діни некесін қиюды өтінген.
Қызылорда облысында 21 жылға сотталған азамат некеге отырды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мемлекеттік мекемесінде 21 жылға сотталған Д. есімді азамат заңды некесін қиды. Сотталушы мен нәйелдің өтініші негізінде неке қию рәсіміне мекеме заңгері мен теолог маман, АХАЖ бөлімінің маманы және мешіт имамы шақырылды.
"Осылайша бұл некені растайтын діни құжат та, заңды құжат та бар. Сотталған азаматтың өтініші негізінде дін өкілі шақырылып, некеге тұрудағы барлық жөн-жоралғы жасалды", – дейді мекеме заңгері А. Измагамбетова.
Естеріңізге сала кетейік, мекемеде кәмелет жасқа толған әрбір жазасын өтеуші заңды түрде некесін қиюға құқылы.