Денсаулық

Жедел жәрдем жүргізушісін сабаған Нұрболат Дәкебаев сотта ел күтпеген мәлімдеме жасады

Жедел жәрдем жүргізушісіне жақын күндері тағы бір ота жасалмақшы.

Қарағандыда ел назары түскен жедел жәрдем жүргізушісі Төреғали Берікқалиұлы мен Нұрболат Дәкебаевтың ісін қарау соты басталды, деп жазды KYN.KZ  тілшісі, Тengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап. Мемлекеттік айыптаушы  істі қарау басталғаннан оқиғаның қалай болғанын уақыт сағатымен айтып берді.

27 қаңтар түнінде Нұрболат әпкесінің өтініші бойынша қол жуғыштың астындағы   шкафты қоқысқа тастауға шыққан. Қоқыс жәшіктері тұратын жердің жолын бөгеп, жедел жәрдем көлігі қойылған екен.

"Сотталушы қоқыс жәшігіне қолындағы затты апара жатып жедел жәрдем көлігін түртіп, жүргізушіге балағат сөздерін айтқан. Қайтар жолда тағыда балағаттаған. Сол сәтте жүргізуші Төреғали  түсіп, сөйлеспек болған. 00:15 шамасында  сотталушы жұдырығын түйіп, Беркқалиұлының  басына 3 рет соққы берген. Соңында өзінің басымен ұрып, қабырғасының тұсынан қос соққы жасаған. Осыдан кейін Берікқалиұлы жедел жәрдем көлігін басқара алмайтын деңгейге жетіп, өзі бірден ауруханаға жеткізіледі. Ол таяқтаудан   бірнеше жарақат алған. Жабық ми сүйегінің жарақаты, мұрын сүйегі сынған, бетінің терісін сырып, кеудесінен жеңіл тері жарақатын алған",-деді прокурор  Бекзат Әшірбеков.

Сотталушы өз кезегінде жедел жәрдем жүргізушісіне қасақана қастандық жасамағанын, бар әрекетіне өкінетінін айтты. Одан бөлек Дәкебаев ел күтпеген мәлімдеме жасады. Сөзінше өзіне іздеу салынғанын  бесінші күні ғана әлеуметтік желіден білген. Бірден полицияға өзі беріліпті.

"Мен балағат сөздер айтқан жоқпын.  Шағымданғаным, сол үйдің тұрғындары көлік қоятын жерге баруын талап еттім. Тура сол кезде орын да бар еді. Одан қалса жедел жәрдем көлігі тұрған жерден 10 метр әрі болатын. Ыңғайсыздық тудырып тұрғаны рас еді. Осы жағдайдан кейін дереу құрлысқа жұмысыма кеттім. Бес күн өткенде желіге кіріп, сол жерден мені полиция іздеп жатқанын білдім. Дереу өзім хабарласып, полицияға келдім",-дейді Дәкебаев.

Таяқталған Төреғалиға жақын күндері  тағы бір ота жасалмақшы. Оның қорғаушысы тағы бір мәрте толық медициналық сараптамадан өтіп, денсаулығына қаншалықты зиян келгенін анықтау керек деп отыр.