Басты жаңалықтар

Енді аса ауыр қылмыс жасағандар айыппұл төлеп босатылуы мүмкін

Алқабилер судьясыз шешім қабылдайтын болады

Енді аса ауыр қылмыс жасағандар ақша төлеп боспандыққа шыға алады. Тек адам өлтірмесе болды. Мұндай шешім жаңа заң жобасы шеңберінде қабылданбақ. Сондай-ақ, алқабилердің құзыретіне қатысты біраз өзгеріс енгізілуі мүмкін. Бұдан былай олар судьясыз шешім қабылдайды, деп жазды KYN.KZ  тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.

Бізде бір-біріне қарама қайшы келетін заң көп. Қылмыстық кодекстің бір бабымен адамды соттаймыз, екіншісімен қорғап аламыз. Шикіліктің көп екені анық. Жауаптылар осыны ескерді ма екен, қайдам, әйтеуір жаңа норма жасауға кірісті.

Ринат ЗАЙЫТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Депутаттың айтатындай-ақ бар. Еш кінәсі болмаса да түрмеге қамалғандар жоқ емес. Жаңа нормада бұл мәселе де қамтылған. Енді қылмыстық істерді негізсіз тіркеуге жол берілмейді. Нақты дәлел болуы тиіс.

Әсет ШЫНДАЛИЕВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Енді сотқа алқабилер қатысса, нақты шешім шығару солардың құзырына өтеді. Процеске 11 алқаби қатысады. Олар соңғы нүктені дауыс беру арқылы анықтайды. Кеңеске судья қатыса алмайды. Өз ойында қоспайды. Билердің нұсқасы қабылдауға мәжбүр. Алқабилердің сотқа қатысу, қатыспауын сотталушы шешеді. Бір ғана мысал. Күні кеше атышулы Қуандық Бишімбаев сотқа билердің қатысуын сұрады. Сәйкесінше, судья оның өтінішін қабылдады.

Абзал ҚҰСПАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Ал аса ауыр қылмыс жасағандар айыппұл төлеу арқылы бостандыққа шыға алады. Тек адам өлтірген қылмыскерлерге мұндай жанашырлық жоқ. Бұл тізімге подафильдерде кіруі мүмкін. Біраз адамды осы мәселе алаңдатып отыр. Арасында Асхат Аймағамбетов те бар. Депутат азғындар ешқашан өзгермейді, - дейді.

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жаңа нормада бұдан өзге өзгеріс көп. Адвокаттардың мәртебесін көтеру көзделген. Бірақ қорғаушы БАҚ-на сұқбат бере алмайды. Алдымен прокурордан рұқсат алуы тиіс. Ал сотқа жеткен іс қайта тергеу үшін кері қайтарылмайды.