Мәдениет

"Ең ауыр жаза сол еді": Қанат Айтбаев әкесін еске алып көзіне жас алды

Димаш Құдайбергеннің әкесі отбасындағы бала тәрбиесі жайлы сыр шертті.

Қазақтың атын өнерімен әлемге танытқан Димаш Құдайбергенді тәрбиелеген - атасы мен әжесі. Димаш туған әке- шешесімен  ағасы мен жеңгесі сияқты қабылдап өскен. Қанат Айтбаев отбасында жалғыз бала болған.

Жалғыз енен деп есіртіп немесе қатты қысқан емес дейді ол өз әкесінің бала тәрбиелеу тәсілі жайлы сөз қозғаған сәтте. Ол ата-анасының өте сабырлы болғанына өзі де қайран. Бұл жөнінде  "Жақсы адамдарым" бағдарламасына сұхбат берген қанат Айтбаев марқұм әкесінің өзіне қатысты мінез-құлқын еске ала отырып, көз жасына ерік берді, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

"Үйде анам мен әкем ешқашан "Жалғыз бала" деп қарамады. Бетіммен жібермеді және қатал да ұстамады. Қас-қабағына қарап өстік. Әкем де, анам да сөзбен айтатын. Әкеме бірнәрсе ұнамаса, үндемей қалатын. Ең ауыр жаза сол еді. Әкеме де, анама да жақын болып өстік. Өйткені, бар мейірімге шомылдырып, бар жақсы қасиетті бойымызға сіңірді.

Ешқашан еш нәрседен шектемеді. Сол кезде дүкенде көп нәрсе болмайтын. Ауылдағы балалардың алды болып, ең алғаш велосипедті де мен алдым. Бала кезде қызығушылығым көп болатын.

Қызығушылығымның барлығына керек затты әкем мен анам почтамен алдырса да, тауып беретін. Сондықтан әкем мен анама ризамын. Анамыздың қабағына кірбің түспесе деймін. Ата-анамыздың тарапынан ешқашан дауыс көтеру, айқайлау дегенді естімеген, ұрып-соғуды көрмеген адамбыз", - деді Қанат айтбаев көз жасы еріксіз үйірілген күйде.