Мемлекет басшысы қазақ елін Амал мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы Тоқаев қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.
Президенттің құттықтауы Х-тегі парақшасында жарияланды. "Әз-Наурыздың бастауы – Амал күні құтты болсын! Бұл – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін!" - деп жазды президент өзінің Х-тегі парақшасында.