"Дәрет алсын": Аузы берік адам ашуланса, не істеу керек?
Тақа болмаса, дәрет алсын – Юсуф Шахин.
Түркия муфтиі Шахин мырза ораза ұстап жүргендердің көкейіндегі сұраққа жауап берді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Сивас провинциясының мүфтиі Юсуф Шахин азаматтарды ораза кезінде сабырлы болу керектігін ескертіп, «Ораза ұстаған адам ашуланса, дәрет алсын» деді.
Haber7com ақпарат порталына берген сұхбатында, Сивас провинциясының мүфтиі Юсуф Шахин он бір айдың сұлтаны Рамазанның ай айына сәйкес парыз етілгенін айтты.
Сондай-ақ мүфти Шахин оразаның адамға пайдасы мол екенін екенін айтып: «Егер ораза ұстаған адамды әлдекім уайымдатып, ашуландырса, «Мен оразамын» деп 3 рет айтуы керек. Егер сонда да ашуы тарқамаса, онда отырсын. Егер тұрып тұрса отырсын, отырса, жатсын. Ійтеуір бір позициясын өзгертсін. Тақа болмаса, дәрет алсын. Дәрет алған соң адамның жүйке жүйесі тынышталады», - деді ол.