Мемлекет басшысы қаңтардан бастап қолданысқа енгізіле бастаған "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" жарлыққа тиісті өзгерістер енгізді. Бұл туралы KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды.
Stan.kz ақпарат порталының мәліметінше, енгізілген түзетулерге сәйкес, енді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері жыл сайын 15 қаңтарға дейін халықпен кездесулердің жылдық күнтізбесін әзірлейді. Кездесу уақыттарын бекіткесін мәжілісті хабардар етеді.
Жылына бір рет әрбір ауданда және облыстық маңызы бар қалада облыс әкімінің кемінде бір отырысын өткізу (бұрын жарты жылда бір рет өткізілетін);
Жылына бір рет республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің қаланың әрбір ауданында кемінде бір рет отырысын өткізу;
Жарты жылда бір рет аудандық және аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімінің әрбір шағынауданда, қала құрамына кіретін ауылда, кентте, ауылдық округте кемінде бір рет көшпелі отырысын өткізу;
Жарты жылда бір рет аудандық және аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкімінің бір көшпелі отырысын өткізу керек.
Бұрын олар тоқсан сайын өткізуге тиіс еді, енді жарты жылда бір рет өткізуіне болады.
Қажет жағдайда күнтізбеге кейіннен мәслихатқа хабарлай отырып, түзетулер енгізуге жол беріледі.
Жарлық 2024 жылғы 19 қаңтарда күшіне енді.