Спорт

Танымал КВН ойыншысы жазатайым жағдайдан қайтыс болды

"Азия MIX" КВН командасы ойыншысы Марат Жұманалиев қайтыс болды.

Қырғызстанның "Азия MIX" КВН командасы ойыншысы Марат Жұманалиев қайтыс болды,  деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Маратик деген атпен танымал ойыншының неден қайтыс болғаны белгісіз. Қырғызстанның джиу-джитсу ұлттық федерациясының президенті Абдурахман Мұртазалиевтің айтуынша, жазатайым оқиға болған.

43 жастағы марқұм Қырғызстанның бокстан екі дүркін чемпионы. Өмірінің соңғы уақыттарында ол қайырымдылықпен айналысып, түрлі қайырымдылық жобаларына белсенді қатысқан.