Қоғам

Павлодарда 18 жастағы бойжеткен 4-қабаттан құлады

Бойжеткен қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Павлодарда 18 жастағы бойжеткен төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

Жергілікті жедел жәрдем қызметінің мәліметіне қарағанда, оқиға 14 наурыз күні түскі уақытта болған.

"Павлодар қаласы Дүйсенов көшесінің бойындағы тұрғын үйдің төртінші қабатынан қыз баланың құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Жедел жәрдем қызметі оқиға орнына төрт минуттың ішінде жетті", – делінген хабарламада.

Ал №1 қалалық аурхананың дәрігерлерінің айтуынша, қыздың жағдайы ауыр. Қыз бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жамбас сүйектері сынған және басқа да ауыр жарақаттар алған.