Қоғам

Жаңбыр, тұман, жел:15 наурызға арналған ауа райы

Ресми ақпаратқа сәйкес, бүгін елдің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады.

«Қазгидромет» синоптиктері 15 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, бүгін елдің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Соның әсерінен қар түріндегі жауын-шашын, Алматы, Жетісу облыстарының таулы аудандарында түнде қатты жауын-шашын болады.