Басты жаңалықтар
Қостанайда үйде босанған әйел қайғылы жағдайға душар болды
- автор kyn.kz
- 7 шілде, 2018
- 344
Ауыл тұрғыны жүкті кезінде есепке тұрмай, үйде өзі босануға шешім қабылдаған
Қостанай облысында үйде босанған әйелдің баласы шетінеп кетті.
Бұл туралы "Алау" өңірлік порталы жазды. 34 жастағы Таранов ауылының 34 жастағы тұрғыны жүктілік кезінде дәрігерге қаралмаған, ешқандай тексеруден өтпеген. Үй жағдайында өзі босануға шешім қабылдаған, дегенмен бала өлі туылды.
Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұған дейін Астананың жаңадан салынған перзентханасында бір айдың ішінде үш жас босанған ана көз жұмған болатын, олардың балалары аман, алайда ауыр жағдайда жатыр. Қазіргі таңда босандыру бөлімі тексеру үшін жабылды.