"Мені қорқыта бастады": Анна Данченко бұрынғы жігітін сотқа беретін болды
Танымал тележүргізуші Анна Данченко бұрынғы жігіте қарыз беріп, енді ала алмай жүргенін айтты.
Анна Данченко жігітіне берген ақшасын ала алмағанымен қоймай, оның қорқытқанына көніп жүр екен. Бұдан әрі шыдамы жетпейтінін айтқан ол енді құқық қорғау органдарына жүгінетінін мәлімдеді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
"Шыдамның да шегі бар. Үндемедім. Күттім. Сотқа жүгінуден басқа амалым қалмады. Бұрын кездескен жігітім ағасының емі үшін қарызға ақша сұраған. "Екі аптадан кейін қайтарамын" деді. Ол кезде бірге едік. Арада екі жыл өтті. Жақында анамның еміне қажет деп, ол ақшаны қайтаруын сұрадым. Менің анамның денсаулығына бас қатырмайды екен.
Әкемді жерлейтін кезде де, өз ақшамды сұрағанмын. Қайтармады. Енді сұрасам, мені қорқыта бастады. Ер адамның маған қарыз болуы және мені қорқытуы қалыпты жағдай ма? Нағыз ер-азамат солай істейді ме? Иә, мен – әйелмін, табиғатымнан әлсізбін. Бірақ мені қорлауына жол бермеймін. Маған мықты заңгер, қорғаушы керек. Сотта кездесеміз дедім. Күлді.
Маған қазір анамның денсаулығы маңызды. Сол үшін соңына дейін барамын. Ол ақшаны адал еңбегіммен тапқанмын. Ешқашан, ешкімге қарыз бермеңіздер", – деп жазды тележүргізуші.