Спорт

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Жапония командасымен ойнайды

Қазақстан әйелдер құрамасы 12-13 сәуірде Жапония командасымен ойнайды.

Қазақстан әйелдер құрамасы 12-13 сәуір күндері Токиода Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу сатысында Жапония командасымен ойнайды, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі. 

Кинг кубогінің іріктеу сатысында қатысатын құрам жарияланды. Олар: Юлия Путинцева, Зарина Диас, Анна Данилина, Жібек Құламбаева және Аружан Сағындықова.

Зарина көптен бері теннис додаларына қатыспаған.  Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу матчы үш сеттік форматта өтеді. Төрт жекелей және бір жұптық кездесу болады.