Қоғам

+20 градус: синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын жасады

Қазақстан аймақтарында күн бірден жылынады

Алдағы үш күнде  батыс, солтүстік-батыс, апта соңында Қазақстанның шығысында ,17-18 наурызда  Қызылорда облысында  ауа райы тұрақсыз болады. Жауын жауып, нөсерлі жауын  Қазақстанның батысын, Қызылорда облысында нағыз салқын көктем күтілуде.

16-17 наурыз күндері Маңғыстау облысында  нөсерлі жауын күтілуде.

Қазақстанның оңтүстігі 16-17 наурыздан бастап жылы көктемге өтеді. Шығыс, солтүстік қазақстанда көктайғақ, тұман, жел, нөсер күтілуде.

Солтүстік аймақта апта соңында  күн 0-8 аралығында жылынады.

Оңтүстік аймақта күн +20 градусқа дейін жылынып, арасында жылы жаңбыр күтілуде.

Алматыда +14 шамасына дейін жылы ауа райы күтілуде. 18 наурыздан бастап оңтүстік аймақтарда күн күрт жылынады.