Қоғам

Наурыз мейрамына орай неше күн демалыс болады?

Наурыз айында қазақстандықтар 5 күн демалады.

Наурыз айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

"Электрондық үкімет" порталындағы мерекелік күнтізбеге сүйенсек, биыл Наурыз мейрамы – 21-22-23 наурыз - бейсенбі, жұма және сенбі күндеріне сәйкес келеді. 23 наурыз сенбіге сәйкес келетіндіктен,  25 наурыз дүйсенбі күні де демалыс боп жарияланды. 

Сонымен қазақстандықтар 21 наурыз бен 25 наурызды қоса алғанда, 5 күн қатарынан демалады.