Қоғам

Сәресі мен ауызашарда дәрет алу шарт па: маман жауап берді

Дін сарапшысы көпшілік көкейіндегі сұраққа жауап берді

Ораза кезінде көпшілік ауыз ашарға үлгермей жолда болып қалады. Сол сәтте дәреттің болу болмауы қаншалықты маңызды екенін білгісі келетіндер көп. Көпшілік көкейіндегі сұраққа  дін сарапшысы жауап берді, деп жазды KYN.KZ  тілшісмі.

Сәлеметсіздер ме? Ораза кабыл болсын! Ауыз ашарда және ауыз бекітерде дәрет алу міндет пе?  Жанси Сарманбаева.

Жауап

Сәлеметпіз. Рахмет, сіздің де оразаңыз қабыл болсын.

Ауызашар мен сәресі уақытында дәрет алу да, дәретті болу да шарт етілмейді. Себебі, ораза ғибадаты дәретпен тікелей қатысты емес.

Дәретті болып таза жүру – өз алдына абзал амал. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): 

الطُّهُورُ شَطْرُ الإِيمَانِ

 «Тазалық – иманның жартысы», – десе, Алла Тағала Құранда:

إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ التَّوَّابِينَ وَيُحِبُّ الْمُتَطَهِّرِينَ

«Расында, Алла тәубе етушілер мен тазаланушыларды жақсы көреді»,– дейді.

Тоқетерісі: сәресі мен ауызашар үшін дәрет алу қажет емес. Дегенмен, дәретті жүру өз алдына абзал амал екенін ескерсек, ораза кезінде де, оның тысында да қашанда дәретпен жүруге тырысу керек.

Айбек Әбдіқадыр
Muslim.kz сайтының діни сарапшысы