"Қайдағы, әу баста болған жоқ тәуелсіздік": Хасен Қожа-Ахметтің сұхбаты желіде қызу талқыланып жатыр (видео)
Қожа-Ахмет тележүргізушінің "Шын тәуелсіздікке жете алдық па осы 32 жылда?" деген сұрағына жауап берді.
Диссидент Хасен Қожа-Ахметтің тәуелсіздік жайынла берген сұхбаты, әлеуметтік желіде қыз талқыланып жатыр, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Қожа-Ахмет тележүргізушінің "Шын тәуелсіздікке жете алдық па осы 32 жылда?" деген сұрағына жауап берді.
"Қайдағы тәуелсіздік, айналайын? О бастан тәуелсіздік болған жоқ. Барлық ердер тәуелсіздігін жариялап кеткеннен кейін Ресейдің өзі де басқа одақ құрды Беларусь, Ураинамен. Сөйтіп жалғыз біз ғана қалғанбыз 8 желтоқсаннан кейін. Одақ тарап кеткен. Одақтың рөлін біз ғана атқарып қалғанбыз. Қазақстан. Мәскеудің ұлтарағы болған құлдық психологиядағы адамдарды тағайындаған. Содан неше жыл өтсе де отаршылдаодың тілінде сөйлеп келеміз", - деген ол 70-жылдардан бастап тіл, экология мәселесін көтергенін, алайда сол үшін сотталып кеткенін жеткізді.
"Ресейден тонауға рұқсат алып бердіңдер деп мәз болғандар, тәуелсіздік үшін күрескендерді қайтеді", - деп сөзін тәмәмдады.
Қазақ өркениеті İnstagram-парвқшасындағы видеоның астына @abdikarimov26 есімді желі қолданушысы "Ағамыздың пікірі орынды. Академик Асқар Жұмаділдаев айтқандай саяси тәуелсіздікті, экономикалық тәуелсіздікті, технологиялық тәуелсіздікті жеңіп алмай, шынайы тәуелсіздікті айту қиын" деп пікір қалдырса, @zhzhamenkeev есімді қолданушы "Қайран ата-бабаның, боздақтардың аруағынан ұят болды ғой" деп жазып жатып. @ma.ke4294 есімді қолданушы болса, "әлі орыстың айтқанымен жүрк" деп өз пікірін жазған.
Айта кетейік, Хасен Қожа-Ахмет 1990-1993 жылы «Желтоқсан» қоғамдық қозғалысын басқарды. Кеңестік тоталитарлық жүйеге, ұлт саясатындағы теңсіздіктерге қарсылық білдіріп, 1977 және 1987 жылы саяси айыппен сотталды.