Қоғам

1 сәуірден бастап кімдер қоғамдық көлікте тегін жүретіні айтылды

Ақтөбеде бірқатар тұрғындарға автобусты тегін пайдалану мүмкіндігі берілді.

1 сәуірден бастап мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен зейнеткерлер қоғамдық көліктерде тегін жүреді, деп хабарлайды  KYN.KZ тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бүгін өңір басшысы Асхат Шахаров облыстық мәслихаттың кезекті оныншы сессиясында ақтөбелік мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен зейнеткерлерге қоғамдық көліктерде тегін жүру мүмкіндігі қарастырылатынын айтты.

Айтып өтейік, қазіргі уақытта қалалық қоғамдық көлікте Екінші дүниежүзілік соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар азаматтар тегін жүреді. Бұдан өзге, зейнеткерлерге жасы бойынша 50% мөлшеріндегі жолақысы қарастырылған. Бұл жеңілдіктер 2021 жылдың қыркүйегінен бастап іске асты.

Аймақ басшысы сондай-ақ, 2025 жылы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай Ақтөбе қаласында патриоттық орталық салынатынын да мәлімдеді.

Ол жиналғандарды Көрісу күнімен құттықтап, депутаттарды бірлесе жұмылып жұмыс жасауға шақырды.