Қоғам

Шаңырақ күні: Астанада жаңа босанған аналар мен нәрестелерге сыйлықтар табыс етілді

Жаңа туған нәрестелердің аналары марапатталды

Астанада Шаңырақ күнін тойлау қарсаңында «№2 көпбейінді қалалық аурухананың» акушерлік блогында жаңа туған нәрестелердің аналары марапатталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Салтанатты іс-шарада Есіл ауданы әкімі Дәрменияр Қыдырбекұлы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Бауыржан Бектұрсынов жас босанған аналар мен сәбилерге туу туралы куәліктері мен сыйлықтар табыстады.

Айта кетейік, биыл Наурыз мерекесі жаңаша бағытта атап өтіліп жатыр. Наурызнаманың онкүндігін мерекелеу аясында 17 наурызда Шаңырақ күні, яғни отбасылық құндылықтардың рөлі насихатталады.