Әуелбекова: ұлым орыс мектебінде оқиды, мұғалімінің ұлты-әзірбайжан
- автор kyn.kz
- 17 наурыз, 2024
- 1.2k
Әнші Мөлдір Әуелбекова бала тәрбиесі мен отбасы жайлы сұрақтарға жауап бере отырып, ұлының білім алуына қатысты айтып өтті. Ол тұңғышының мектебі мен ұстазын таңдауда ұзақ ізденгенін Medina Style ютуб жобасына берген сұхбатында айтып өтті, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Біз балаға ең бірінші балабақша немесе мектеп емес, ұстаз таңдаймын. Себебі бала таңнан кешке дейін менің қасымда емес, ұстаздың қасында болады. Яғни, тәуліктің жарты бөлігінде ол ұстаздың тәрбиесін алып жатыр.
Сондықтан да мен ұстаз таңдадым. Баламның ұстазының ұлты - әзірбайжан, бірақ таза қазақша сөйлейді. Ол тәжірибесі мол үлкен кісі. Қазір бәрі таңғалуы мүмкін, менің балам орыс мектебінде оқиды. Орыс мектебінде алғаш рет қазақ сыныбы ашылған. Біздің ұстазымыз сол қазақ сыныбын өз қарамағына алған. Бізге ұстазбен жолымыз болды", - дейді әнші.