18 наурызға арналған ауа райы болжамы
Қазақстанның оңтүстік аумағында күн жылынып, көктемнің нағыз шуықты күндері басталады.
Қазақстанның басым бөлігінде жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 18 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Қазақстанның басым бөлігінде жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыста, елдің оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.
Қазақстан бойынша тұман, жел күшейеді, батыста - көктайғақ, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл күтіледі.
Бүгін Алматыда күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 15 градусқа дейін көтеріліп, түнде -3 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,8 м/с болмақ.
Астанада синоптиктердің болжамынша, күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 0 градусқа дейін жетіп, түнде -17 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,7 м/с болады.
Шымкентте бүгін күн ала бұлтты болады. Күндіз термометр бағаны 18 градусқа дейін жетіп, түнде 6 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,1 м/с деңгейінде болмақ.