Дмитрий Попко ITF-дегі бесінші титулына қол жеткізді
Осы жеңісінің арқасында ол ATP рейтингісінде 250-орынға көтерілмек.
Әлемнің 276-ракеткасы қазақстандық Дмитрий Попко Фейра-де-Сантана (Бразилия) ITF M25 турнирінің чемпионы болды, деп KYN.KZ ақпарат порталы.
Ол жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген дүниежүзілік рейтингіде 771-орында тұрған америкалық Харрисон Адамспен кездесті. Дмитрий Попко қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен жеңді.Осылайша, қазақстандық спортшы биыл ITF жарыстарындағы бесінші титулына қол жеткізді.
Сонымен қатар ол осы жетістігінің арқасында дүйсенбіде жаңартылатын ATP рейтингісінде 250-орынға көтеріледі.