Қоғам

Храпунов жекеге өткізген медициналық кешеннің бір бөлігі мемлекетке қайтарылды

Сотта шешімнің заңсыздығы расталды

Алматы қаласының прокуратурасы қаланың бұрынғы әкімі Виктор Храпунов жеке меншікке шығарған жедел медициналық жәрдем кешенінің бір бөлігін қайтарып алды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 15 ақпанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының өткен жылдың 27 қарашасындағы мүліктік жедел медициналық жәрдем кешенінің бір бөлігін жеке меншікке шығару туралы шешімді жарамсыз деп тану туралы үкімі заңды күшіне енді.

Сотта Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың ауданы 3800 м2 және 50 сотық жер (Райымбек даңғылы, 196) ғимаратты жеке құрылымдарға шығару туралы шешімінің заңсыздығы расталды.

Қадағалау органы шараларының нәтижесінде қаланың денсаулық сақтау саласындағы мүліктік кешеннің бір бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды.