Сара Тоқтамысова: орамал тақтың ба, желіде аузыңа түскенді сөйлеме (видео)
Ақын Сара Тоқтамысова орамал таққан қыздарға ескерту жасады
Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова орамал таққан қыздарға Instagram-парақшасында ескерту жасап, үндеу жариялады. Ол сөзін "Орамал тақтың ба, соған сай бол" деп бастады. Бұл туралы KYN.KZ тілшісі жазады.
"ТикТок-та немесе Instagram-да отырып алып, әркіммен ырылдасып, аузыңа келгендщі айтып, балағаттап, кім көрінгенге жеккөрінішті болма. Орамал тақтың ба, өзіңе ие бол. Секең-секең етіп, әр жерде билеп, шошаң-шошаң етіп, дөрекі мінез көрсетіп, қаншама жаулық таққан жандардың арына сын келтірме. Орамал тақтың ба, біреуді алдама. Біреуді арбама. Себебі, орамал сенің абыройың", - дейді ол кадрда.