Басты жаңалықтар
Үлкен дәретін жіберіп қойғаны үшін сабаған: Алматыда өгей қызын өлтірген әйел 20 жылға сотталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 18 наурыз, 2024
- 914
Алматыда өгей қызын өлтірген Балжан Тұрлыбекке сот үкімі оқылды.
Жаз айында 7 жасар өгей қызын ұрып өлтірді деп айыпталған Балжан Тұрлыбекке сот үкімі шықты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Өгей шеше Балжан Тұрлыбек кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айрылды.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың маусым айында Алматыда феминист-белсенді боп танылған Балжан Тұрлыбек өгей қызы Каринаны үлкен дәретін жіберіп қойғаны үшін басын қабырғаға ұрып талдырғаны жайлы ақпарат тараған. Қыз бала ес жимастан қайтыс болды. Оның өліміне қатты соққы себеп болған. Көршілерінің айтуынша, қыз бірнеше рет зорлық-зомбылыққа ұшыраған.
Әйелдің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігі («Кәмелетке толмаған адамды өлтіру») бойынша із қозғалып, айыпты деп танылды.