Саясат

Аймағамбетов су жаңа Денсаулық сақтау министріне: төрт сұраққа бір жауап (видео)

Аймағамбетов Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызына шүйлікті.

Депутат Асхат Аймағамбетов Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызын сынады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Депутат Асхат Аймағамбетов қазақстандықтардың МӘМС-ке жарнасын аударса да медициналық қызметті ала алмай отырғанын айтты.

«Ақмарал Шәріпбайқызы бізге осы комитетке келгенде алдында тұрған мақсат ретінде азаматтардың қалтасынан денсаулық сақтау саласына төлейтін қаражатын азайтам деді. Бұл үлкен проблема. Өйткені МӘМС-ті еңгізер алдында азаматтардың өз қалтасынан төленетін қаражатр азаяды деді.  Бірақ бірнеше жыл өтті. Біз нені көріпе отырмыз? Керісінше. Азаматтар бір жағынан өз қалтасынан жарнасын төлейді. Екінші жағынан ақылы қызметтерге төлейтін ақша азаймақ түгілі біршама көтерілді және көтеріліп те жатыр», - деп ол келесі мәселе деп, медицина сапасына шүйлікті.

Еске сала кетейік, Аймағңамбетов былтыр қараша айында да МӘМС-ке қатысты мәселені көтерген болатын.  

Айта кетейік, 6 ақпан күні мемлекет басшысының Жарлығымен Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалған.