Денсаулық

Балалар неше жастан бастап ораза ұстау керек? Министрден жауап

Ақмарал Шәріпбайқызы балалардың 16 жасқа дейін ауыз бекулеріне қарсы.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы балалардың неше жастан бастап ораза ұстай алатынын айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

«Менің ойымша, баланың жас ерекшелігін назарға алу керек. Әр ата-ана баласына рұқсат берсе, бұл өз отбасы ішіндегі жеке мәселесі екені түсінікті. Бірақ бала белгілі бір жасқа дейін дұрыс тамақтану керек деп санаймын. Менің ойымша, 16-17 жасқа дейін, яғни барлық органдарының толық қалыптасуына мән беру керек», - деп жауап берді министр Парламентте өткен жиыннан кейін тілшілер сұрағына.