Қоғам

55 жастағы әйел 12 айлық "жүкті" екеніне дәрігерлерді сендіре алмай телеарнаға келді (видео)

Ұлдана 12 айлық жүкті екеніне сенімді.

55 жастағы Ұлдана Есенова жүкті екенін дәлелдей алмай жүр, деп жазады KYN.KZ ақпарат порталы.

Дәрігерлер оның ішінде бала жоқ екенін айтқанымен әйелдің туыстары "Ұлдананың балалары "УЗИ аппаратынан көрінбейді" деген пікірді алға таратды.

"Көреміз" ток шоуына келген ол "Токсикоз болды. Мамыр айында қимылдады. Содан сезе бастадым. Ішім өсе бастады. Салмақ қосып бастадым. 6-7 айда аяғым істі. Қазан айының соңы деп есептедім өзім, босанатын уақытты. Қараша айында толғатып көп жүрдім. Түнде толғатамын, күндіз қояды. 1 ай толғатып жүрдім. Табиғи жолмен босана алмадым,- дейді.

Жүрек қағысы мен плацента көрінбегенін айтқанымен әйел әлі жүкті екенін айтып өояр емес.  Бағдарлама барысында КТГ аппаратпен арнайы тексеріс өтті. Десе де оның жүкті екені дәлелденбеді.