Денсаулық

55 жасында «жүкті» болған әйелге қатысты тың дерек шықты

Дәрігер жұрттың көзінше әйелдің ішін құрылғымен тексеріп, дауға нүкте қойды.

"Көреміз" бағдарламасына келген 55 жастағы Ұлдана Есенова жүкті екенін дәлелдей алмай жүр, деп жазған болатынбыз.

Ол ішінде 12 айлық бала бар екендігіне сенімді. Алайда дәрігерлер оның ішінде баланың жоқ екенін айтты. Ал әйелдің туыстары "Ұлдананың балалары "УЗИ аппаратынан көрінбейді", деп ашығын айтуда.

Ал жергілікті дәрігерлер баланың жүрек соғысы естілмегендіктен, әйелдің баласы жоқ деп отыр. "Көреміз" бағдарламасына арнайы КТГ аппаратпен келген дәрігер әйелді тексеру барысында, ішінде нәресте жоқ екендігін айтты.