Қазақстанда бірқатар ауылдарға қала статусы берілуі мүмкін
Халқы көп ауылдардан адамдардың қалаға көшуі көбейген,
Қазақстандағы ірі ауылдар қала болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында айтылды, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров ауылдық аумақтарды дамыту туралы баяндама жасады.
Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, бүгінде елімізде 10 мыңнан аса тұрғыны бар 112 ауыл бар. Оның ішінде 18 елді мекенде 30 мыңнан аса адам тұрады.