Мәдениет

"Аузын жабуы керек": Абай Бегейдің әйелі отбасындағы кикілжіңдері жайлы айтты

Фариза Жұманова бастапқы жылдары жолдасымен көп жанжалдасқанын жасырмады.

Танымал әнші Абай Бегейдің келіншегі Фариза Жұманова алғаш тұрмысқа шыққан кезін еске алып, отбасылық өмірінде болған қиындықтарды айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Бастапқы жылдары жолдасымен көп жанжалдасқанын жасырмаған Фариза Жұманова отау құрған кезде күйеуі Абай Бегей екеуінің арасында көптеген келіспеушіліктер болғанын айтты.

"Ерлі-зайыпты болған соң реніш те болады ғой. Бірақ дәл қазір біз бір-бірімізді 100 пайызға түсінеміз деп айта аламын. Ұрыссақ та сәлден соң дым болмағандай жүре береміз. Отбасы болу оңай емес. Бірақ, әйел адам ақылды болу керек. Керек кезде аузын жабуы керек. Кейін ер адам басылған соң, сабырмен сөйлесуге болады. Біз бастапқыда 2 жыл бойы жаман қырылып қалатынбыз. Бірақ әр нәрсеге уақыт та керек демекші, қазір шүкір. Арасында ұрысамыз, бірақ тез қайтамыз", - деп жазды ол Instagram-парақшасында