Мәдениет

Ерке Есмахан Мемлекет басшысының Раимға не сыйлағанын көрсетті (фото)

Тоқаев қабылдауында болғандар арасында Раимнан басқа, Ирина Кайратовна, Ерболат Беделхан да бар.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Раимға қандай сыйлық тарту етті? Бұл туралы Ерке Есмахан өзінің Instagram-парақшасында бөлісті, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Тоқаев Еліміздің креативті индустрия өкілдері – блогер, актер, әншілермен кездескен болатын. Солардың ішінде Ерке Есмаханның жолдасы Райм да бар. Әнші президенттен келген блокнот, қалам, Qazaqstan деген жазуы бар сағат және Қасым-Жомарт Тоқаевтың ашық хатының суретін салып қойған.

Айта кетейік, Тоқаев қабылдауында Ирина Кайратовна, Raim, Ерболат Беделхан және тағы басқа өнер жұлдыздары мен блогерлер болды.