Қоғам

7-еуі стационар бөлімінде: Наурыз мерекесін тойлап жатқанда газ баллоны жарылды

Жараланғандардың 7-еуі стационар бөліміне жатқызылған.

Өзбекстан Республикасы Қашқадария облысының Көкдала ауданында Наурыз мерекесін тойлау барысында газ баллон жарылып, 37 адам жараланды, деп жазады Қашқадария облысының прокуратурасы Баспасөз қызметіне сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі. 

Оқиға 18 наурыз күні Наурыз мерекесін тойлау қарсаңында болған. Жараланғандардың 7-еуі стационар бөліміне жатқызылған. Ал 17-сі амбулаторлық тексеруден өткен, олардың жағдайы қалыпты. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Тексеруден өткен 13-і үйлеріне кері қайтарған.

Көкдала аудандық прокуратурасы Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 207-бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлайды.