Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Бұрынғы Ішкі істер министрі Тұрғымбаевқа қаңтар оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды" деген ақрарат тарап жатыр

"Бұрынғы Ішкі істер министрі Тұрғымбаевқа қаңтар оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды" деген ақрарат тарап жатыр
Ақпарат әлі расталмаған.

@ztb_qaz телеграм каналында бұрынғы Бас прокуратура 2022 жылғы қаңтар оқиғасына байланысты тергеудің екінші толқынын бастады, деген ақпарат тарап жатыр, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

Қантар оқиғасы кезінде басқарманы басқарған бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа «қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды» деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. 

Толық ақпарат жоқ, бірақ 2022 жылдың қаңтар айындағы жағдай бойынша Бас прокуратура еліміздің барлық облыстары мен қала прокурорларына облыс, қала және аудандардың барлық полиция басшыларынан жауап алу туралы ұйғарым жібергені белгілі болды. 

Еске сала кетейік, Тұрғымбаев 2019 жылдан бері Ішкі істер министрлігін басқарып, қантар оқиғасынан кейін қызметінен босатылған болатын.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар