Қоғам

Кіру тегін: 20 наурыз Ұлттық спорт күні қандай іс-шаралар өтеді?

Іс-шара аясында көкпар, аударыспақ секілді шеберлік сыныптары өтпек.

20 наурыз күні Наурыз мейрамын тойлау аясында Астанадағы "Арғымақ" ат-спорты кешенінде ұлттық спорт күніне арналған "НАУРЫЗНАМА: Ұлттық спорт күні" мерекелік іс-шарасы өтеді,  деп жазады KYN.KZ тілшісі.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мәлім еткендей, мерекелік іс-шара аясында көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуудан көрсетілімдер және тоғызқұмалақ пен асық атудан шеберлік сыныптарын өткізу жоспарланған.

"Қонақтарға қазақы тазы және бүркіт көрсетіледі. Сондай-ақ, қолөнершілер жәрмеңкесі, ұлттық спорт ардагерлерін марапаттау рәсімі және мерекелік концерттік бағдарлама өтеді", – делінген хабарламада.

Іс-шараны ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы Астана қаласының әкімдігімен бірге ұйымдастырмақ. Кіру тегін.