Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы 2023 жылдың 27 сәуірінде өткеН болатын.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы KYN.KZ тілшісу Ақорданың Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу" атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды. Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы 2024 жылы 24-25 сәуір күндері Астана қаласындағы Президенттік орталықта өтеді", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы 2023 жылдың 27 сәуірінде өткен. Сессияда сөйлеген сөзінде Президент Ассамблеяның ролі туралы айтқан болатын.