Саясат

Астана соты Самат Әбішке қатысты шыққан үкімді түсіндірді

Оның шартты түрде 8 жылға сотталғанын мәлімдеді.

Астана соты Самат Әбішке шыққан үкімді түсіндіріп, оның шартты түрде 8 жылға сотталғанын мәлімдеді. Бұл туралы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KYN.KZ ақпарат порталы хабарлайды. 

Сот хабарламасында Самат Әбіштің билікті асыра пайдаланды деп айыпталғаны айтылған. "Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жарияланымдарға байланысты Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты билікті асыра пайдаланды деп айыпталған А.-ға қатысты қылмыстық іс (ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігі) қаралғанын хабарлайды. "Құпия" белгісін ескере отырып, сот отырыстары жабық форматта өтті", – делінген хабарламда. Сот өкілдерінің мәлімдеуінше, прокурор айыпты қолдап, соттан оны 10 жылға белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. 

Сотталушы кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінген. "Сот үкімімен А. Қылмыстық кодекстің 362-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 10 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан, 8 жылға бас бостандығынан айрылды.