Мемлекет басшысы жұмыс бабымен Алматыға келді
Президент ертең Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылатын бірқатар іс-шараға қатысады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап KYN.KZ ақпарат порталы хабарлайды.
Ақорда ақпаратынша, президент ертең Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылатын бірқатар іс-шараға қатысады.
Айта кетейік, биыл Наурыз мейрамы – 21-22-23 наурыз - бейсенбі, жұма және сенбі күндеріне сәйкес келеді. 23 наурыз сенбіге түскендіктен, ел тұрғындары 25 наурыз дүйсенбі күні де демалады. Осылайша, биыл қазақстандықтар 21 наурыз бен 25 наурызды қоса алғанда, 5 күн қатарынан демалады.