"Бренд заттар алмайм деп едім": Әсел Асқар 559 мың теңгелік аяқ киімдерін көрсетті (видео)
Ол оқырмандарына көптен бері шықпай кеткен айдары жайлы әңгімеледі.
Танымал актриса Әсел Асқар Наурыз мерекесі қарсаңында жаңа аяқ киімдерін көрсетіп мақтанды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Ол оқырмандарына көптен бері шықпай кеткен айдары жайлы айтып, ең жақсы көретін киімдер ішінде аяқ киім екенін жеткізді.
“ Міне, бүгін сәті түсті. Өте көп аяқ киім алдым. Бәрін жеңілдікпен сатып жатыр екен. Мына қазақша ою-өрнекпен безендірілген аяқ киімнің бағасы – 319 мың теңге. Шалбар және көйлекпен де кие бересің. Одан кейін көктемде киетін жеңіл биік өкшелі етік алдым. Бағасы – 559 мың теңге. Екеуін алдым. Бірі – қара, екіншісі – ақ. Ақ түсі – 178 мың теңге. Қатты қуанып тұрмын. Мұның барлығын шетелден алдырдым.
Спорттық аяқ киімді тапсырыспен алдырдым. Қазақстанда бітіп қалыпты. Аяқ киімді қатты жақсы көремін. Fendi брендінің соңғы үлгідегі коллекциясы менде бар. Осыдан 5-6 жыл бұрын бренд заттар алмайтын едім. Ол дұрыс емес екен. Қазір өте көп бренд бұйым жинауды әдетке айналдырдым”, – деді ол.