Қоғам

"Тұман мен көктайғақ": 21-23 наурызға арналған ауа райы болжамы

Таулы аймақтарда жаңбыр мен қар, жауын-шашын жауып, желдің күшейеді.

21-23 наурыз күні  ауа райы жауын-шашынды болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің оңтүстігінде қатты жаңбыр жауып, батысы мен солтүстігіне антициклон әсер етеді. Бұл өңірлерде негізінен жауын-шашын болмайды және түнгі ауа температурасы -10...-18 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін. Алайда күндіз күн ашық және термометр бағаны нөлден жоғарылайды. Циклонның ықпалынан республиканың орталық, оңтүстік және шығыс аймақтарында жауын жауады. 

Таулы аймақтарда жаңбыр мен қар, жауын-шашын жауып, желдің күшейеді. Сондай-ақ синоптиктер мереке күндері елімізде тұман мен көктайғақ болады деп болжап отыр.