Қоғам

Шымкентте 6 баланы өрттен құтқарған келіншекке баспана берілді

Сонымен қатар, төрт бөлмелі пәтердің кілті Марина Гафароваға табысталды.

Бүгін Наурыз мейрамы қарсаңында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков президентке хат жазған Софияға және алты баланы өрттен құтқарған Марина Гафароваға пәтер кілтін табыс етті, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Malim.kz-тің мәліметінде, «Жаңа жыл қарсаңында «Тілектер шыршасы» дәстүрлі акциясында София Уркумбаева президенттің атына хат жазған болатын. Жалдамалы пәтерде әкесімен бірге тұратын кішкентай қыздың тілегі орындалып, үш бөлмелі пәтерге ие болды», - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Сонымен қатар, төрт бөлмелі пәтердің кілті Марина Гафароваға табысталды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 16 желтоқсанына қараған түні тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққан болатын. Қызыл жалынды байқаған әйел отқа оранған үйдің терезесін сындырып кәмелетке толмаған балаларды сыртқа шығарды.